Ауа райы
Астана -2 °С
Алматы -2 °С
валюта бағамы
USD 332.21
EUR 391.74
RUB 5.57
CNY 50.08

Трамп санкцияның Қазақстанға қатысы болмайтындығына сендірді - Нұрсұлтан Назарбаев

Трамп санкцияның Қазақстанға қатысы болмайтындығына сендірді - Нұрсұлтан Назарбаев
2017 жылғы 14 қыркүйек 16:20 1358

АСТАНА. ҚазАқпарат - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев таяудағы АҚШ Президенті Дональд Трамппен телефон арқылы сөйлесуін тарқата айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Мемлекет басшысының телефонмен сөйлесулері - бұл әдеттегі іс. Қоңырау шаламыз. Ол президент болып сайланған кезде, қарашада телефон шалдым. Ол уақытта ұзақ әңгімелестік. Ол біздің өңірдегі, Ресейдегі, Қытайдағы ахуалға қызығушылық танытты. Одан кейін біз АҚШ пен араб елдерінің кездесуі өткен Эр-Риядта кездестік. Кейін ол маған қоңырау шалды. Оның алдында АҚШ Энергетика министрлігінің басшысы ЭКСПО-2017-ге келіп, мен қабылдаған едім. Ол риза болып, экспонаттарға, көрме ұйымдастыру деңгейіне таң қалды. Барғаннан кейін ол бастығына баяндап, ол маған қоңырау шалуға шешім қабылдаған сияқты», - деді Елбасы Ақордада өтіп жатқан отандық және шетелдік журналистермен кездесуі барысында.

Мемлекет басшысының айтуынша, америкалық әріптесімен ең алдымен қазақстандық-америкалық қарым-қатынас жайында сөйлескен.

«Мен АҚШ-тың компаниялары Қазақстанға 40 млрд доллардан астам инвестиция салғанын еске салдым. Америкалық бизнестің қатысуымен 500 компания жұмыс істейді, ірі компаниялары да бар. Мен қазіргі уақытта болып жатқан санкциялардың аталған компаниялардың жұмысына ықпал етпеуін сұрадым. Ол мұның Қазақстанға қатысы жоқтығын растады және АҚШ Қазақстанмен бұл қарым-қатынастарды одан ары дамытуға мүдделі екендігін қуаттады», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

 

 

Басты сөздер: Қазақстан Президенті,
Қате таптыңыз ба? Белгілеп, CTRL+ENTER басыңыз

Пікір қалдыру

Соңғы Пiкiрлер