Трамп АҚШ-тың жаңа мемлекеттік хатшысының есімін атады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ-тың сайланған президенті Дональд Трамп елдегі «ExxonMobil» ірі мұнай компаниясының басшысы Рекс Тиллерсонды мемлекеттік хатшы лауазымына таңдады.

Бұл туралы шетел БАҚ-тары хабарлаған болатын, алайда кейінірек бұл ақпараттың растығын Трамп өзінің Twitter парақшасында Тиллерсонның әлемдегі ұлы бизнес көшбасшыларының бірі ретінде атап өтеді.

«Оның шыдамдылығы, тәжірибесінің молдығы және геосаясатты түсіне білу қабілеті  мемлекеттік хатшы ретінде таңдауыма себепкер болды. Ол өңірлік тұрақтылықты қамтамасыз ете отырып, ұлттық қауіпсіздіктегі АҚШ-тың өзекті мүдделерін қанағаттандырады», - деп келтіреді Рейтер агенттігі Трамптың мәлімдемесін.

Рекс Тиллерсон 64 жаста. Ол Остиндегі Техас университетін тәмамдаған. Тиллерсон өмірінің қырық жылға жуық уақытын ExxonMobil-ге арнаған. Алғашқыда қатардағы инженер ретінде жұмысқа келген ол 1990 жылдары компанияның Ресейдегі жобаларымен айналысты. 

Соңғы жаңалықтар