Тойдан кейін 17 адам уланып, ауруханаға түсті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қырғызстанның Ош облысында 17 адам тамақтан уланып, ауруханаға түсті, деп хабарлайды Кабар. 

Елдің денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, адамдардың жаппай улану оқиғасы тойдан кейін болған. Тағамнан уланғандардың төртеуі 2015 жылы туған балалар.  Дәрігерлер олардың жағдайын орташа деп бағалауда.

Тойда уланғандардың саны басында он адам болған, кейін министрлік өкілдері  зардап шекендер санының бұдан да көп болуы мүмкін екендігін айтты. 

Алдын ала зерттеу нәтижесіне сәйкес,  адамдар қолдан жабылған компоттан улануы мүмкін. Оқиға тексеріліп жатыр.

Соңғы жаңалықтар