Тойда пышақталған жас жігіт көз жұмды

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда қаласындағы мейрамханалардың бірінде қайғылы жағдай орын алды. Тойға келген жас жігіт алған пышақ жарақаты салдарынан қаза тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қызылорда облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алдын ала деректер бойынша,  ол тойда біреумен сөзге келіп қалған. Қазір күдікті қолға түсті.

«Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 99-бабының 2-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу-тексеру амалдары жүргізілуде. Басқа да ақпараттар Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес жария етілмейді», деп хабарлайды Қызылорда облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.

Әділет Қаңтарбаев  

Соңғы жаңалықтар