Той үстінде трансформатор жарылып, 14 адам мерт болды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Үндістанда трансформатордың жарылуы салдарынан 14 адам мерт болып, тағы 7 адам зардап шекті, деп хабарлайды ANI агенттігі.

Оқиға Үндістанның Раджастхан штатынды болған. Электр трансформаторы жарылған кезде оған жақын жерде үйлену тойы өтіп жатқан. Трансформатордан шашылған ыстық майдан көптеген адамдар қатты күйік алып, зардап шеккен.

Трансформатордың неден жарылғандығы әлі белгісіз. Ол 3 күн бұрын ғана орнатылыпты.

Оқиға бойынша тергеу амалдары жүріп жатыр.

Соңғы жаңалықтар