Тоты Әмірова Қазақстанның бас авиациялық инспекторы қызметіне тағайындалды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Тоты Әмірова ҚР Инвестициялар және даму министрлігі жауапты хатшысының бұйрығымен Азаматтық авиация комитеті төрағасы орынбасарының міндетін атқарушы- бас мемлекеттік авиациялық инспектор болып тағайындалды. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметі Facebook -тегі парақшасында мәлім етті. 

«Төраға орынбасары-бас мемлекеттік авиациялық инспектор Т.Әмірова әуе компаниялардың ұшы эксплуатациясы, әуе кемелерінің техникалық ахуалын бақылау, ұшқыштарды лицензиялау мәселелеріне, сондай-ақ ұшулар қауіпсіздігіне байланысты өзге де қадағалау мәселелеріне жетекшілік ететін болады», - делінген хабарламада. 

Айта кетейік, Тоты Әмірова ТМД елдерінде «Боинг-737» ұшағын тізгіндеген жалғыз ұшқыш әйел.  

Соңғы жаңалықтар