Төтенше жағдайлар саласының 36 мың қызметкері құтқару жұмыстарына әзір

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильин Азаматтық қорғау органдарының қысқы кезеңге әзірлігі туралы есеп берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның айтуынша, төтенше жағдайдың барлық түрінде жұмыс істейтін арнайы құтқарушылар тобы құрылады. Оның құрамында 36 мыңнан астам адам болмақ. Күртік қарда немесе жол-көлік апаты жағдайында зардап шеккендерді құтқару үшін кез кеген жерде жүре алатын 1,5 мыңнан астам техника әзірленген. 
null

ІІМ деректеріне сәйкес, республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының 23 мың шақырымын, жергілікті маңызы бар жолдардың - 12 мың шақырымын қар басады. Республикалық автожолдарда қар басатын 964 жол бөлігі анықталды, онда қардан қорғайтын 35 мың қалқан орнатылды, еңістер мен асуларда орналасқан автокөлік жолдарына көктайғаққа қарсы 160 мыңнан астам текше материал төселді.

null

Соңғы жаңалықтар