Төрт облыста көлік қозғалысына шектеу қойылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан облысында дизельді отынмен жүретін көліктер үшін барлық бағыттар бойынша қозғалысқа тыйым салынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

112 қызметі қатты аязға байланысты сағат 21.00-ден бастап барлық бағыттар бойынша жолдардың жабылғандығы туралы хабарлама таратты.

Бұған дейін 22 қаңтар күні 1-11 сынып оқушылары үшін сабақтардың болмайтыны хабарланған болатын. Алдағы күндері өңірде минус 45-ке дейінгі аяздар күтілуде. Синоптиктердің ескертуі 19 қаңтар күні таратылған болатын. Қазір Петропавл қаласында термометр бағаны -26 градусты көрсетуде.

Айта кетейік, осы уақытта еліміздің өзге үш өңірінде де күрежолдар жабық. Атап айтқанда, аязға байланысты Павлодар облысында дизельмен жүретін қоғамдық көліктер үшін барлық бағыттар бойынша қозғалысқа тыйым салынды. Ақмола облысында дизельді отынмен жүретін қоғамдық көліктер үшін Астана қаласы мен Павлодар облысы аумағы арасындағы жол (16-205 км) жабық. Сондай-ақ Шығыс Қазақстан облысында сағат 16.00-ден бастап  дизельмен жүретін қоғамдық көліктер үшін Семей қаласы мен Павлодар облысы аумағы арасындағы жол (577-733км) жабылды.

 

Соңғы жаңалықтар