Төрт дүркін олимпиада чемпионы өмірден озды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат -  Жексенбіде спринтерлік жүгіруден төрт дүркін олимпиада чемпионы австралиялық Бетти Катберт 80 жасқа қараған шағында өмірден озды.

 Бұл туралы Халықаралық жеңіл атлетика федерациясы қауымдастығының ресми сайтында хабарланды.

Катбертке 1974 жылы склероз диагнозы қойылған.   

Катберт   100 м, 200 м, 400 м жүгіруден және   4х100 м эстафетасында олимпиадалық алтын медальдарды иеленген жалғыз спортшы. Бұл медальдарды ол     екі Олимпиада  - 1956 жылы   Мельбурнде (100 м, 200 м және эстафета) және 1964 жылы   Токиода (400 м) еншіледі.

  2000 жылы Катберт Сиднейде олимпиада ойындарының ашылу рәсімінде алау ұстаушылардың бірі болды.  

Соңғы жаңалықтар