«Төрт ағайынды» ісі: Полиция қызметкері 28 миллион теңгені қолма-қол алу үшін казиноға барған

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде мұнай ұрлығына қатысты қылмыстық істе ІІД бастығының бұрынғы орынбасары Рахат Аханов жауап берді. Ол есепшотына түскен 28 миллион теңгенің досына тиесілі екенін, оны қолма-қол алу үшін казиноға барғанын жасырмады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбе облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қылмыстық топтың мұнай ұрлығына қатысты эпизоды қаралып жатыр. Бұл істе ІІД бастығының бұрынғы орынбасары Рахат Ахановтан жауап алынды. Ол сотталушы Саясат Дүсіповтен қарызға ақша алғанын жасырмады. Бұған дейін хабарлағанымыздай, Рахат Аханов «қылмыстық топқа көмектесті» деген айыппен келіскен жоқ. https://kaz.inform.kz/news/tort-agayyndy-isi-munay-urlygyna-komektesken-iid-bastygynyn-orynbasary-kinasin-moyyndamady_a3155748 Сот отырысы кезінде Рахат Ахановтың жұмыстағы сейфінде неге ақша сақталғаны және есепшоттағы 28 миллион теңге кімге тиесілі болғаны айтылды.

«2016 жылы Алматы қаласында ем қабылдадым. Сол кезде әуежайда танысымды кездестіріп, ол маған есепшотыма ақша аударып, оны қолма-қол алуға өтініш жасады. Сол кезде есепшотқа 28 миллион теңге түсіп, қолма-қол ақша алу үшін Қапшағайдағы казиноға баруға тура келді. Өзім жылына бір рет казиноға барам. Ол әдетке айналып кеткен», - деді сотталушы Рахат Аханов.

Еске салсақ, сот отырысы кезінде Рахат Аханов өз абыройын төгетін іспен айналыспағанын қайталады. Өзі танитын сотталушы Саясат Дүсіпов пен жазасын өтеуші Есенжан Еркетаев арасында мұнай ұрлау, тасымалдау кезінде көмектесу жайлы сөз болмағанын жеткізді.

Сот отырысы келесі аптада жалғасады. 

Соңғы жаңалықтар