«Төрт ағайынды» ісі: Мұнай ұрлығына көмектескен ІІД бастығының орынбасары кінәсін мойындамады

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысты сот отырысы жалғасып жатыр. Бұрын облыстық ІІД бастығының орынбасары болған Рахат Аханов өз кінәсін мойындамады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбе облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында мұнай ұрлаған топтың кедергісіз жүріп, қара алтынды тасымалдауына көмек берген облыстық ІІД бастығының орынбасары Рахат Аханов өз кінәсін мойындамады. Іс материалдарына сүйенсек, полиция қызметкеріне ақшаны сотталушы Саясат Дүсіпов пен мұнай тасымалдағаны үшін шартты түрде 5 жылға сотталған Есенжан Еркетаев беріп отырған. 

«Мен олардың қылмыстық іспен айналысатынын білмедім. Жиналыста әдемі сөздер айтып, есіктен шыға бере қитұрқы іс жасайтын адам емеспін. Бар болғаны 300-400 мың теңге үшін мен абыройымды төкпеймін. Есенжан Еркетаевпен тойда танысып, жақсы араластым. Оның сотталғанын білмеймін»,- деді сотталушы Рахат Аханов.

Сот отырысы кезінде Рахат Аханов Еркін Ізбасарды сырттай танитынын, олардың арнайы бақылауда болғанымен ешқандай құқық бұзушылық тіркелмегенін жеткізді.
null 

«Апта сайын ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы қылмыстық ахуалды баяндап тұрды. Еркін Ізбасардың қайда екенін біліп отыру міндеті бар. Мүлік ұрлауда, есірткіге қарсы күресте, дәстүрлі емес дінде де болмады. Оның спортшыларды қолдап, демеуші болғанын білеміз. Оның мұнай ісіне де қатысы бар іс департаментке түспеді»,- деді Рахат Аханов.

Айта кетейік, сот отырысы кезінде сотталушы Еркін Ізбасардың қорғаушысы Сәрсенова прокурордың жымиып, әдепсіз қылық көрсететіне ескерту жасады. Судья Ахметқали Молдағалиев сот отырысы кезінде прокурорға сұрақтың жауабын тыңдап, нақты сауал қоюға, өз эмоциясын көрсетпеуге шақырды. Бұған дейін хабарлағанымыздай, сотталушы Саясат Дүсіпов өзі жүргізген кітапшада «Рәке» деген адамға үнемі ақша берілгенін жазды. Бұл ақша Рахат Ахановқа берілген. Сот отырысы кезінде Саясат Дүсіпов танысы Р.Ахановқа ақшаны қарызға бергенін жасырмады.

Соңғы жаңалықтар