«Торпедоның» директоры мен бас бапкері қызметтерінен кетті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Өскемендік «Торпедо» хоккей клубының директоры мен бас бапкері қызметтерінен кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.



Клубтың баспасөз қызметінен мәлім еткендей, «Торпедоның» директоры Сергей Немчиновпен келісімшарт екі тараптың келісімі бойынша бұзылды. Сергей Львович Немчинов клубтың директоры қызметіне 2015 жылы келген.

«2016/2017 жылғы маусымда клуб Жоғары хоккей лигасының тұрақты чемпионатында жеңіске жетті. Сондай-ақ плей-офф кезеңінде сәтті өнер көрсетіп, Братина Кубогының финалына дейін шықты. «Торпедо» ХК Сергей Львовичке жемісті еңбегі үшін алғыс айтады және алдағы қызметтерінде сәттілік тілейді», - делінген таратылған хабарламада.



Сондай-ақ өскемендік клуб бас бапкер Алексей Ждахинмен келісімшартты тоқтатуды шешкен.

«Торпедо» хоккейшілері тарихта алғаш рет Жоғары хоккей лигасында жеңіске жетулерін және Братина кубогының ақтық кезеңінде өнер көрсетулерін сондай-ақ Алексей Ждахиннің қажырлы еңбегімен байланыстырады.

 

Соңғы жаңалықтар