Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
Астана: -27 °С
Алматы: -12 °С
USD 325.20 EUR 397.13
RUB 5.74 CNY 50.65
Жаңалықтар

Торғай нысандары ғаламшардың ең жұмбақ геоглифтерінің бестігіне кірді

2017 жылғы 23 сәуір 14:32 1695
Поделиться:
Торғай нысандары ғаламшардың ең жұмбақ геоглифтерінің бестігіне кірді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Smithsonian журналына «Ғаламшардың бес ең жұмбақ геоглифтерін қайдан көруге болады» деген мақала шықты. Ол бестікке Қазақстанда орналасқан Торғай геоглифтері кірді.

Smithsonian журналы - Вашингтонда Смитсонов институтының ресми баспа органы, алғашқы нөмірі  1970 жылы шыққан. Журнал түрлі ғылыми саладағы  мәселелердің тереңдетілген талдауын ұсынады. Оның мәнін толықтыратын қызықты фотолар жариялайды.

Журнал ай сайын шығады. Смитсонов институтының және ғылым, тарих, өнер, поп-мәдениет және инновация саласындағы оның мұражайларының экспонаттары, зерттеу мәні болып табылатын тақырыптар мен материалдық нысандарға баса назар аударып, оқырмандарға олар жайлы кеңінен мәлімет береді.
Еске сала кетейік, бұл геоглифтерді 2007 жылы Google Earth ғарыш түсірілімінің көмегімен қостанайлық азамат Дмитрий Дей ашқан. Ол, ежелгі нысандардың практикалық мәні бар, күн күнтізбесімен, расытханамен өлшеу немесе есептеу аспабы болған деп санайды әрі алғашқы өркениет, алғашқы дін Торғай топырағында - осы жерде пайда болған деп есептейді.
2013 жылы жазда Торғай нысандарын көруге Оксфорд университетінен (Ұлыбритания) ғалым Мотузайте Гиедре келді. Ағылшын ғалымдары ең «жас» торғайлық геоглифтер біздің дәуірімізге дейін бірінші ғасыр мен біздің дәуірдің бірінші ғасыры арасында салынған деген тұжырым жасады, яғни олардың 2,5 мың жылдық тарихы бар. Әрі жерден мүлдем көрінбейтін, ғарыштан ғана көзге түсетін ежелгі геоглифтер 7 мың және одан бұрынырақ уақытта салынған болуы мүмкін деп болжайды.  


Бөлісіңіз:
Онлайн қызметкерлер
Редактор
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
Редактор
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
Редактор
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
Мұрағат