Торғай геоглифтері арқылы Қостанай туризмін өркендетуге болады -ғалым

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанайдағы халықаралық инвестициялық форум барысында Торғай геолифтерін туристік мақсатта пайдалану ұсынылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жангелдин, Аманкелді, Арқалық өңірлеріндегі Торғай геоглифтерінен бүгіндей жер жүзі хабардар. Ағаштыкөл деген елді мекеннен қозыкөш жерде ғана «Торғай свастикасы» жатыр. 2007 жылы танымал археолог Дмитрий Дей Торғай өңіріндегі түрлі сипаттағы ежелгі нысандарды ғарыштан түсірілген суреттерден тапқан болатын. «Торғай свастикасы» үшайырық (трискелион) бір нүктеден шыққан үш тармақты сәулелерден тұрады. Мамандардың есептеуінше, ол барлығы 5375 шаршы метр көлемді алып жатыр. Бір нүктеден шығып, үш тармаққа бөлінетін ежелгі нысанның ортасындағы шеңбердің диаметрі - 4 метр.
null

«Бүгінде көпшілікке танымал геоглифтер Перудің оңтүстігіндегі Наска үстіртінде орналасқан. Ал Торғай геоглифтері туралы анықтаған менің мәліметтерім Питтсбург Университеті мен Ескендір кітапханасының ресми сайтында жарияланды. Осыдан екі жыл бұрын менің шағын сұхбатым «The New York Times» газетіне шықты. Содан бастап шетелдік ғалымдар хабарласа бастады. Дегенмен, Торғай ойпаты туралы деректер көп болғанымен оны әлемдік ақпарат көздеріне шығару жағы әлі де ақсап тұр. Міне, осы туристік көрмеде шетелдік әріптестерге Торғай геоглифтері туралы айттым. Кейбірі қызығушылық танытты», - деді Дмитрий Дей.

Дмитрий Дейдің айтуынша, Торғай геоглифтері арқылы Қостанай туризмін өркендетуге болады.

«Питтсбург Университетінің профессоры Рональд Лапорттың есептеуінше, геоглифтер арқылы туризмдегі кірісті жылына 240 млн АҚШ долларына ұлғайтуға болады. Ол үшін шетелдік туристердің қызығушылығын арттыру керек», - деді ол.

ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Асқар Баталов Қостанай облысы төңірегіндегі геоглифтерді пайдалана отырып, туристік аймақ құруды ұсынды. Сондай-ақ, вице-министр мемлекеттік-жекеменшік әріптестік саласында да көптеген жобаны бірлесе отырып, қолға алуға болатынын айтты.

Оның пікірінше, Қазақстанда аңшылық-трофейлік туризм дамымай жатыр. Енді Қостанай облысында туристік аң аулау аймағын жасау үшін 300 га алқап бөлінетін болады.
nullnull

Батыр Жолайұлы

Соңғы жаңалықтар