Тонналап заңсыз бекіре аулаған браконьерлерге үкім шығарылды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырау қаласының №2 соты өткен жылдың қарашасында бір тоннадан астам бекіре балығымен қолға түскен 4 браконьерге қатысты  үкім шығарды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Соттың тексеру нәтижелері көрсеткендей, 2017 жылдың қарашасында Қуатты шетелдік қозғалтқыштармен жабдықталған браконьерлердің қос қайығы Исатай ауданының Жамбай ауылында ұсталған болатын. Олардан салмағы 1 тонна 110 келі болатын 304 бекіре тұқымдас балық және ау тәркіленді. Төрт қылмыскер тұтқындалған.

«Сот үкімімен айыпталушылар ҚР ҚК 335 бабының 4 бөлігі бойынша кінәлі деп танылды. Сот олардың кінәларын мойындап, жасаған қылмыстарына өкініш білдіргендерін есепке ала отырып, браконьерлердің әрқайсысын 2 жылға бас бостандықтарын шектеу жөнінде үкім шығарды. Олар өмір бойына балық аулаумен айналысу құқығынан айырылды. Сонымен қатар үкімет пайдасына балық пен қайық тәркіленді»,-деп хабарлады соттың баспасөз қызметі.

Соңғы жаңалықтар