Тоңазытқыштан табылған өлі балаларға қатысты іс бойынша сот басталды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда балаларын буындырып өлтірген алматылық ерлі-зайыптылардың ісі бойынша алдын ала сот тыңдауы басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі сот залынан.

Істі қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық  сотының судьясы Болатов Ерлан қарап жатыр.

Заң алдында 1 жастан енді асқан екі бүлдіршінді өлтірген ерлі зайыптылар Эмиль Гильмутдинов пен Алла Волченко жауап беруде. Оларға ҚР ҚК 99-бабының 2-бөлімі, 119-бабының 1-бөлімі бойынша айып тағылды.

Сот отырысында Алла Волченко БАҚ өкілдерін қатыстырмауды сұрады.

«Менің балам өсіп келе жатыр. Сондықтан журналистердің қатысқанын қаламаймын», -деді Алла Волченко.

Эмиль Гильмутдинов та сот процесіне журналистердің қатысқанына қарсылығын білдірді.

Жантүршігерлік оқиға осыдан екі ай бұрын Түріксіб ауданында болған. Көппәтерлі үйлердің бірінде тоңазытқыштың ішінен өлі сәбилер табылды.

Екі ұл баланың өлімі механикалық асфиксиядан болғаны анықталды.

Кейін оларды туған әкесі Эмиль буындырып өлтіргені белгілі болды. Сосын мүрделерді тоңазытқышқа салып кеткен. Ер адам сотта істегенін мойындап, балалардың жылап ұйқы бермегенін айтқан. Бұл іске ерлі-зайыпты өзара келісіммен барған.

Кейін балалардың  анасы Алла Волченко мен күйеуі үлкен ұлдары Равильді Самал шағын ауданындағы аулалардың бірінде қаңғыртып тастап кеткен.

Бала аулада 3 күн жүрген көрінеді. 

2-3 жастағы Равильді Самал шағын ауданындағы аулалардың бірінде адамдар тауып алып полиция шақырған. Кейінірек полиция оларды мас күйінде тауып алған.

Соңғы жаңалықтар