Тоңазытқыштан табылған балаларды өгей әкесі өлтіруі мүмкін

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда екі баланы өлтірді деген күдікпен 29 жастағы Өзбекстан азаматы ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ер адам қайтыс болған балалардың анасымен азаматтық некеде тұрған. Онымен бірге қазір балалардың анасынан жауап алынып жатыр.

«Қазір аталған дерекке байланысты процессуалды және тергеу амалдары жалғасуда. Күдікті өз кінәсін мойындап отыр. Сотқа дейінгі тергеу өндірісінде қажетті сараптамалар тағайындалады. Бүгін ғана полиция балалардың анасы азаматша Волченкоға іздеу жариялаған болатын», - деді қалалық ІІД тергеу басқармасының басшысы Рустам Абдрахманов.

Полиция анасымен бірге жоғалып кеткен үлкен баласын да тауып алып, медициналық мекемеге тексеруге жіберді.

Айта кету керек, бүгін 34 жастағы Алла Волченкоға іздеу жарияланған болатын. Кейін белгілі болғандай, оның балалары Түрксіб ауданындағы бір пәтерлердің бірінде тоңазытқыштан табылды. Ал анасы мен үлкен баласы үйде болмаған.

Отбасы көзден ғайып болған соң көршілері үйді бұзып кірген.

Соңғы жаңалықтар