Тоңазытқыштан денесі табылған егіз ұлдың әкесі балаларын не себепті өлтіргенін айтты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Алматыдағы пәтерлердің бірінде тоңазытқыштан денесі табылған егіз ұлдың әкесі балаларын не себепті өлтіргенін айтты, деп хабарлайды «Дорожный патруль».

- Мен әбден шаршадым. Ұйқым еш қанбайтын. Осының бәрі бұл әрекетке баруыма әсер етті, - деді ер адам.

Тергеу барысында марқұм балалардың әкесі соңғы күндері болған оқиғаларды айтып берген. Ол өз балаларын өлтіруді ұзақ уақыттан бері жоспарлап жүрген болып шықты. Әйелі үлкен ұлымен бірге далада серуендеп жүргенде ол екі ұлын тұншықтырып өлтіріп, денелерін шүберекке орап, сосын сөмкеге салып қойған. Ал әйелі үйге кірген соң олар бейғам түрде ары қарай ішімдік ішуді жалғастырған. Бірнеше күннен кейін үйде жағымсыз иіс (дене бұзыла бастаған) пайда болған. Сол кезде олар басқа үйге көшуді жөн деп шешкен.

Бұл қылмысқа басты себеп, балалардың қорғаушыларының пікірінше, шаршау, балаларды асырауға қаржының жетіспеуі.

Еске сала кетейік, екі баланың денесі 11 қыркүйек күні Түркісіб ауданындағы пәтерлердің бірінен табылған болатын. Сол күні кешке олардың анасы - 34 жастағы Алла Волченкоға іздеу жарияланған. Ал бұл отбасының үлкен ұлын «Самал» шағы ауданынан тапқан.

Соңғы жаңалықтар