Томасов «Астана» командасының 600-ші голының авторы атанды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Еуропа Лигасы 1/16 финалы аясында өткен «Астана» - «Спортинг» кездесуінде «Астана» командасы ресми кездесулердегі 600-ші голын соқты, деп хабарлайды ҚазАқпарат клубтың сайтына сілтеме жасай отырып.

600-ші голдың авторы команданың жартылай қорғаушысы Марин Томасов. Хорватиялық ойыншы командалас әріптесі Игорь Шитовтың тамаша пасын сәтті пайдаланып, Руй Патрисио қақпасынан саңылау тапқан болатын.

«Еуропа Лигасы 1/16 финалы аясында өткен «Астана» - «Спортинг» арасындағы кездесу ел футболы тарихындағы ең елеулі оқиғалардың бірі болды. Себебі, осыған дейін бірде-бір қазақстандық команда еурокубоктерде дәл мұндай нәтижеге қол жеткізбеген»,- делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, астаналықтар өткен маусымда 500-ші голдарын соққан еді. Павлодарлық «Ертіске» қарсы кездесудегі голдың авторы -Серікжан Мужиков.

Соңғы жаңалықтар