Төлеген Закарьянов елордадағы Есіл ауданының әкімі болып тағайындалды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Астанада қалалық мәслихаттың XXVII кезектен тыс сессиясы болды. Онда депутаттар Есіл ауданына жаңа әкім тағайындалуын мақұлдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат елорда әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Есіл ауданының әкімі лауазымына Төлеген Закарьяновтың кандидатурасы ұсынылған болатын.

«Төлеген Қабыкенұлы Закарьянов стратегиялық маңызды басқармаларға басшы болды, қаладағы ірі жобаларды жүзеге асыруға тікелей атсалысып келді. Үлкен тәжірибе иесі, өңірлерде, министрліктерде, Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігінде жұмыс істеді», - деді Астана қаласының әкімі Әсет Исекешев.

Мәслихат депутаттары оның кандидатурасын бірауыздан мақұлдады.

Төлеген Қабыкенұлы Закарьянов, 1961 жылы туған, Қарағанды мемлекеттік университетін, С.Сейфуллин атындағы Қазақ мемлекеттік агротехникалық университетін бітірген. Заңгер, экономика бакалавры мамандықтары бар, экономика ғылымдарының кандидаты.

Еңбек жолын Целиноград облыстық Халық депутаттары кеңесі Атқару комитеті Ішкі істер басқармасы Кеңестік АІІБ тергеушісі болып бастаған. Көкшетау облыстық Халық депутаттары кеңесі Атқару комитеті Ішкі істер басқармасының аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі, аға тергеуші қызметін атқарған. Прокуратураның аға тергеушісі, Көкшетау қаласы прокурорының көмекшісі болған.

Коммерциялық ұйымдарда басшылық қызметтерді атқарған. Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының әкімі (2005-2007), Президент Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы (2007-2008), Павлодар облысы әкімінің орынбасары (2008-2010), Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі Аймақтық даму комитеті төрағасының орынбасары қызметтерін атқарған; 2013-2015 жылдары Петропавл әкімі болды.

Соңғы жаңалықтар