Толассыз жауған қарға байланысты «Шымбұлақтағы» тау шаңғы сайыстары тоқтатылды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда өтіп жатқан Универсиаданың ұйымдастырушылары толассыз жауып жатқан қарға байланысты «Шымбұлақта» өтетін тау шаңғы сайыстарының уақыты өзгертілгенін хабарлады, деп жазады ҚазАқпарат тілшісі.

«31 қаңтарда, сағат 10:00-дегі қыздар арасындағы тау шаңғы сайыстарының уақытын толассыз жауып жатқан қарға байланысты өзгерту туралы шешім қабылданды. Өзгерген уақыты туралы қосымша хабарланады».
Ескерте кетейік, Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасай отырып, Іле Алатауында қатты жауын-шашынның (қар аралас жаңбыр) әсерінен және қар жамылғысының биік болуына байланысты 31 қаңтар, 1 ақпан аралығында қар көшкіні жүруі ықтимал екенін ескерткен.

«Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті «Қазгидромет» РМК филиалының 2017 жылғы 31 қаңтардағы № 7 дауылды алдын ала ескертуін негізге ала отырып, Іле Алатауында қатты жауын-шашынның әсерінен және қар жамылғысының биік болуына байланысты 31 қаңтар  1 ақпан аралығында қар көшкіні күтіліп отырғанын ескертеді», делінген хабарламада.

Сонымен қатар, «Сұңқар» трамплинінде де барлық жаттығулар мен сайыстар тоқтатылды. Блогер Тимур Бектұр Фейсбуктағы парақшасында осындай видео жариялады.

Соңғы жаңалықтар