Тоқтар Төлешов ісінің екі фигурантына үкім оқылды

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкент қаласының Еңбекші аудандық соты «сыра королінің» бұрынғы сыбайластарына үкім шығарды. Мемлекеттік кірістер басқармасының бұрынғы қызметкері 35 жастағы Мадияр Мұсаев 3 жылға бас бостандығынан айырылды, ал сыра зауытының бұрынғы бас есепшісі Светлана Лукинаға 4 жылға бас бостандығынан айыру жазасы белгіленді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі Еңбекші аудандық сотының БАҚ-пен жұмыс жөніндегі үйлестіруші судьясы Светлана Шыналиеваға сілтеме жасап.

Еске сала кетейік, Төлешовтің қоластында жұмыс істеген тағы да екі қызметкер - Ольга Аллакулиева мен Алексей Носков прокурормен өз айыптарын мойындай отырып процессуалдық келісім жасасқан әрі қылмысты ашуға жәрдемдескен болатын. Олардың ісі басқа өндіріске алынған, оларға қатысты үкім жуық күндерде шығады.

Соңғы жаңалықтар