Тоқмәдидің ауруханадан қашуына қатысты қарауылдың үстінен іс қозғалды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мұратхан Тоқмәди қашқан күні оның жанында болған қарауылдарға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы Бас прокуратурада өткен баспасөз мәслихатында Заңдық күшіне енген үкімдердің заңдылығын және олардың орындалуын қадағалау қызметінің бастығы Қайрат Жақыпбаев мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Сотталушы ауруханадан қашқан, ол жердегі жағдай сәл басқаша. Қызмет бабындағы немқұрайдылықтары үшін қарауылда болған азаматтардың үстінен қылмыстық іс қозғалды», - деді Қайрат Жақыпбаев.

Ол сонымен қатар, қарауылдардың жауапқа тартылғандығын да айтты.

Кейіннен ҚР Ұлттық қауіпсіздік сайтында Қ.Тоқмәди өз әрекетін қателік деп атаған видео жарияланған болатын.

Наурыз айының ортасында сот шешімімен М.Тоқмәди 2004 жылы банкир Ержан Тәтішевті өлтіргені үшін 10,5 жылға бас бостандығынан айырылды. Қашу әрекеті үшін оған қосымша жаза тағайындалады.

Естеріңізге сала кетейік, Таразда банкир Ержан Тәтішевті өлтірді деп айыпталып отырған бизнесмен әрі «Депутаттық корпус» ұйымдасқан қылмыстық тобының серкесі Мұратхан Тоқмәдидің 2018 жылдың 8 наурызында 19 сағат 20 минут шамасында Жамбыл облыстық ауруханасынан қашып кеткендігі хабарланған болатын.

Соңғы жаңалықтар