Токио станциясында тараған белгісіз газдан тоғыз адам зардап шекті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Токио темір жол станциясындағы газ шабуылынан бірнеше адам зардап шекті.

null
Оқиға Такаданобаба темір жол станциясында болған. Жолаушылар бояуға арналған еріткіштің буына ұқсас иіс сезген және тамақтары ауырып, жөтеле бастаған. Киодо агенттігі тоғыз адамның төтенше құтқару қызметіне хабарласқанын хабарлады, деп жазды РИА Новости.

NHK телеарнасының мәліметтері бойынша, қазір станцияда арнайы мамандар жұмыс істеп, иістің қайдан шыққанын анықтап жатыр. Болған оқиға пойыздардың қозғалысына кедергі келтірген жоқ.

null  

1995 жылы «Аум Сенрике» белсенділері Токио метросында газ шабуылын жасаған еді. Салдарынан 12 адам көз жұмып, бірнеше адам зардап шеккен. 2004 жылы Секо Асахара сектасының көшбасшысы өлім жазасына кесілді, бірақ қазір ол түрмеде жатыр. 

Соңғы жаңалықтар