Тоқаев латын графикасының нұсқасын пайдалануға қатысты пікір білдірді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев латын графикасының нұсқасын пайдалануға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Ұлттық комиссия қазақ тілі латын әліпбиі бойынша нақты шешімге келген жоқ, сондықтан «апостроф» әліпбиін газеттерде я басқа жерлерде пайдалануға әлі ерте», деп жазды Қ.Тоқаев Туиттердегі парақшасында.

Еске сала кетсек, қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру жөніндегі Ұлттық комиссияның төрт арнайы жұмыс тобы құрылған еді. Біріншісі - орфографиялық (қазақ әліпбиін латын графикасына көшіруде орфография мен орфоэпия ережелерін дайындау үшін). Екіншісі - әдістемелік (латын әліпбиін үйрету және оқыту әдістемесін жасап, оны білім беру жүйесіне біртіндеп енгізу үшін). Үшіншісі - терминжасам (латын графикасының негізінде қазақ тілінің терминологиялық базасын жүйелеу үшін). Төртіншісі - сараптамалық-техникалық (латын графикасын ІТ-технология талаптарына сәйкес келтіру үшін). 

Соңғы жаңалықтар