Тоқаев ҚР Президентінің АҚШ-қа сапарын тарихи оқиға деп атады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Ақ үйдегі келіссөздері Қазақстан мен АҚШ-тың екіжақты ынтымақтастықты дамыту және халықаралық жағдайлар мәселелері жөніндегі ұстанымдары ұқсас екенін көрсетті. Бұл туралы ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Дональд Трамп Қазақстанды Корей түбегін денуклеаризациялау жөніндегі әріптесі деп атады. Тарихи маңызды сапар!», - деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев Туиттер парақшасында.

«Президент Нұрсұлтан Назарбаевты Вашингтон айрықша ықыласпен қабылдап, Дональд Трамп «зор құрметке ие» лидер деп атады. Өз елінде де, халықаралық қоғамдастықта да еңбегі еленген Қазақстан көшбасшысына лайықты баға берілді», - деді Сенат спикері.

Соңғы жаңалықтар