Тоқаев Қазақстанның ҰҚШҰ-ға төрағалық етудегі басымдықтарын атап өтті

None
None
МӘСКЕУ. ҚазАқпарат - Қазақстан Парламенті Сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресейдің Санкт-Петербург қаласында өткен Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының Парламенттік Ассамблея Кеңесінің отырысына қатысты, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.

Кездесуде Қ.Тоқаев биыл Қазақстанның ҰҚШҰ-ға төрағалық ететінін еске салды. Сонымен қатар, біздің бұл басымдықты ұлттық және ұжымдық қауіпсіздікке төнетін қауіп-қатерге қарсы шұғыл әрекет ететін тиімді әскери-саяси ұйым ретінде қарастыратынын атап өтті.

Өз сөзінде Сенат басшысы, Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Минскі саммитінде белгілеген 2018 жылы ҰҚШҰ-ға Қазақстан төрағалық ету кезеңіндегі мынадай басымдылықтар туралы айтып өтті: мүше мемлекеттердің әскери саладағы өзара іс-қимыл құралдарын кеңейту, әскери-техникалық ынтымақтастықты практикалық тұрғыдан ұйымдастыру, ҰҚШҰ-ның терроризмге қарсы жаһандық қарсы әрекет етудің халықаралық жүйесін қалыптастыруға қатысу, ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің киберқауіпсіздікке қарсы бірлескен әдістері, есірткінің заңсыз айналымына қарсы іс-қимылдардың тиімділігін арттыру.

«Алғашқы екі басымдыққа келетін болсақ, жедел әрекет ететін қажетті қауіпсіздік құрылымдары құрылды, ұйымның бітімгерлік әлеуеті анықталды. Жыл сайын «Бұзылмас бауырластық», «Өзара іс-қимыл», «Шеп» әскери оқу-жаттығулары өтуде», - деді Қ.Тоқаев.

Ол сондай-ақ, Қазақстанның халықаралық терроризм мен зорлық-зомбылыққа қарсы тұру жөніндегі жоспарлары туралы айтты.

«Осыған байланысты, Минск отырысында біздің мемлекетіміздің басшысы терроризмге қарсы тұрудың халықаралық аренадағы ортақ әдістерін бірлесіп дайындау туралы ұсыныс көтерген болатын. Бұл жердегі мәселе ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттер азаматтарының террористік ошақтарға кетуіне жол бермеу, сондай-ақ, қоғам санасындаға саяси және діни радикалдық дүниелердің кез келген формасына қарсы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу», - деді Сенат басшысы.

Киберқауіпсіздік туралы Қ.Тоқаев ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым насандарына бағытталған компьютерлік шабуылдарды бейтараптандыру бойынша шараларды әзірлеу қажеттігін атап өтті. Сонымен бірге заңсыз есірткі айналымы туралы да айтылды.

«Қазақстан 2015-2020 жылдарға арналған ҰҚШҰ-ның есірткіге қарсы стратегиясын практикалық түрде іске асыруды және бұл мәселеге  БҰҰ Есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасымен құрылған Орталық Азия аймақтық ақпараттық және үйлестіру орталығының өкілдерін тартуды ұсынады», - деді Қ.Тоқаев.

Соңғы жаңалықтар