Тоқаев Индонезия басшысына Қазақстанға сапармен келуге шақыруды табыс етеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 12-14 наурыз аралығында Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Индонезияда сапарда болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

Сенаттың баспасөз қызметінің мәліметінше, Қ. Тоқаевтың Индонезия Президенті Джоко Видодомен кездесуі сапардың басты оқиғасы болады. Сенат төрағасы Мемлекет басшысы Н. Назарбаевтың тапсырмасы бойынша Индонезия басшысына Қазақстанға ресми сапармен келуге шақыруын жеткізіп, Әлем және дәстүрлі діндер лидерлерінің VI Съезіне қатысуға шақыруды табыс етеді.

Қазақстан Сенатының төрағасы мен Индонезия Халық кеңесшілері конгресінің басшымен кездесуде парламентаралық байланыстарды нығайтудың келешегі әңгіме өзегіне айналады. Келіссөздер барысында саяси және экономикалық екіжақты ынтымақтастық мәселелерін де талқылау көзделіп отыр. 

Соңғы жаңалықтар