03:07, 02 Қараша 2016 | GMT +6
Тоқаев еліміз атауын ағылшын тілінде QAZAQSTAN деп жазуды ұсынды
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан» сөзінің ағылшын тілінде дұрыс жазылуы мәселесін көтерді.
Депутат аталмыш тілде еліміздің атауын жазғанда ағылшын әліпбиіндегі «Qq» (кью) әрпін пайдалану жөн деп санайды.
«KAZAKHSTAN-нан гөрі ағылшын тілінде QAZAQSTAN еліміздің ұлттық негізін дұрыс көрсетпек», - деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter әлеуметтік желісіндегі өзінің парақшасында.