Тоғызыншы «Форсаждың» шығарылымы кейінге қалдырды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Universal Pictures компаниясы «Форсаж 9» фильмінің премьерасын бір жыл кейінге - 2019 жылдың сәуірінен 2020 жылдың сәуіріне ауыстырды, деп жазады forbes.com .

Фильмнің түсіру уақытының кейінге қалдырылу себебі айтылмады, алайда басылымның жазуынша сиквелдердің арасының үш жылға созылуы қалыпты саналады.

Сонымен қатар, бұл «Форсаж 4»-тің шыққан сәтінен бастап ең үлкен үзіліс. Бұл студиялар мен прокатпен айналысушыларға айтарлықтай жақсы қаражат жинауына мүмкіндік береді.

2019 жылы Universal-дың кестесі аса тығыз емес, ал 2020 жылы жағдай өзгереді.

«Форсаж 8» 2017 жылдың көктемінде шыққан еді. Одан түскен қаржы $1,2 млрд-тан асқан болатын. 

Соңғы жаңалықтар