Тоғызқұмалақшылар ел кубогында үздіктерді анықтады

None
None
  ОРАЛ. ҚазАқпарат - Атырау қаласында 20 жасқа дейінгі жастар арасында тоғызқұмалақтан ел кубогы мәреге жетті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.

БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасынан түскен мәліметке сәйкес, жарыста батысқазақстандық тоғызқұмалақшылар табысты өнер көрсетті.  Атап айтқанда, жекелей сында Оралдағы №2 балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің шәкірттері Дильназ Ерниязова алтыннан алқа тақса, Жарасхан Сағынбаев - екінші, Ализа Ерниязова үшінші орынға ие болды.

Командалық есепте Дәулет Әбдікәрімов жаттықтыратын БҚО құрамасы үшінші орынға ие болды.

Алматы қаласы мен еліміз облыстарынан барлығы 10 команда құрамында 80 спортшы бақ сынаған сайыста ақтөбеліктер жеңіс тұғырынан көрінсе, қызылордалықтар екінші орынды еншіледі. 

nullnullnull

Соңғы жаңалықтар