«Тобыл» Түркияда төрт матч өткізеді

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - «Тобыл» футбол клубы жаңа маусымға дайындық жұмыстарын Түркияда өткізеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қостанайдың клубы жаттығу ойындарын 7-22 қаңтар аралығында өткізеді. Команда Анадолы жерінде 4 бақылау матчын ұйымдастырмақ. 12 қаңтарда жергілікті «Чайкур Ризеспор» клубымен кездессе, үш күннен соң танымал ұжым «Сивасспор» қостанайлықтардың қарымын байқап көреді.

Ал 18 қаңтар күні Албанияның «Тирана», 22 қаңтарда ресейлік «Луч Энергия» командаларымен жолдастық кездесулер жоспарланған. 
Жиынға клубтың негізгі ойыншылары жəне жастар құрамынан бірнешеуі шақырту алған.

Мұнымен қоса, «Тобыл» сапы қаралымға келетін фтболшылармен толығады. Бас бапкер Владимир Никитенконың айтуынша, клуб қазірдің өзінде 4 аяқ-доп шеберімен келісімшартқа отырды.

Соңғы жаңалықтар