«Тобыл» осы жылдағы бірінші ойынында жеңілді

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - «Тобыл» футбол клубы оқу-жаттығу жиындарындағы алғашқы матчын өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қостанайлық клуб Түркия чемпионатында өнер көрсететін «Чайкур Ризеспор» клубымен кездесіп, 0:2 есебімен ұтылды. Екі гол да екінші таймда соғылды.

«Тобыл» бапкері алаңға жас футболшыларды шығарды. Сондай-ақ, қаралымда жүрген Бауыржан Тұрысбек, Максим Федин, Вячеслав Котляр сияқты ойыншылар да өздерін көрсетуге мүмкіндік алды.

Айта кетейік, клубтың ресми сайты аталған матчты тікелей эфирде көрсетті. «Тобыл» ФК баспасөз қызметінің хабарлауынша, енді келесі ойын «Сивасспор» командасымен өткізіледі. Матч 15 қаңтарда Астана уақытымен 20:30-да көрсетіледі.  

ФОТО/kazfootball.kz

Соңғы жаңалықтар