«Тобыл» футбол клубына жаңа директор тағайындалды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қостанай облысы әкімінің орынбасары Марат Жүндібаев «Тобыл» ФК ұжымымен кездесіп, жаңа директор - Николай Панинді таныстырды, деп хабарлады футбол клубының ресми сайты.

 «Әкім атынан Талғат Әкімжановқа қиын кезеңдерде, сол уақыттарда жол таба білгені үшін алғыс білдіргім келеді. Сәттілік тілейміз! Директорлар кеңесі Панин Николай Борисовичті тағайындау шешімін қабылдады. Оны жақсы білесіздер. Клубты бірнеше рет басқарған. Соңғы рет «Оқжетпесте» жұмыс істеді», - деді Марат Жүндібаев.

 «Өмір бір орнында тұрмайды.  Алдағы уақытта жаңа стадионға көшесіздер. Жаңа бапкер таңдайсыздар. Алдарыңа қойған барлық міндеттерді орындайсыздар», - деді облыс әкімінің орынбасары. Бұдан бұрын клубтың баспасөз қызметі «Тобыл» ФК директоры Талғат Баймұратов отставкаға өтініш бергені хабарланған. Сондай-ақ, бүгінгі күннен бастап бас бапкер Омари Тетрадзеде клубпен жұмысын ресми тоқтатты.

Соңғы жаңалықтар