«Тобыл» Албанияның атақты клубымен тең ойнады

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанайдың «Тобылы» биылғы футбол маусымдағы бірінші голын соқты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қостанайлық футболшылар Түркия жеріндегі үшінші жолдастық кездесуін Албанияның 24 дүркін чемпиондарына қарсы өткізді. Әуелі, албаниялықтар есеп ашты. Екінші таймда «Тирана» қақпашысының қателігін пайдаланған Жасұлан Молдақараев таразы басын теңестірді.

Осылайша, «Тобыл» биылғы футбол маусымындағы бірінші голын соқты. Мұнан соң қостанайлықтар алға шығатын мүмкіндік алған. Алайда, Эгон Вух, Максим Федин сынды шабуылшыларға дәлдік жетіспеді.

Енді «Тобыл» 21 қаңтарда Болгарияның «Арда» клубымен кездеседі.

Соңғы жаңалықтар