ТМД жастары «ғасыр індетін» талқылау үшін Алматыға жиналды

None
None
  АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда «SpeakUp: AIDS» (ЖИТС туралы айт: үнсіз қалма) тақырыбында алғаш рет ТМД жоғары оқу орындары студенттері арасында халықаралық пікірсайыс өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

«Алматы - жастардың қаласы, сондықтан жастар саламатты өмір салты мен түрлі аурулардан сақтанудың жолын білуі шарт. Алматыда ЖИТС ауруына шалдыққан 5000 адамның 36 пайызы жастар. ЖИТС туралы білу одан сақтануға да үйретеді. Ол туралы аз айтылып жатқан жоқ. Жоғары, орта арнайы білім орындарында тренингтер, семинарлар, флэш-мобтар, акциялар ұйымдастырып, жастарға бұл дерт туралы жеткізуге тырысамыз. Бүгінгі шара да Алматы үшін ауқымды жобаның бірі», - деді Алматы әкімінің орынбасары Мұрат Дәрібаев.
null 

Қала әкімі орынбасарының айтуынша, «бұл халықаралық пікірсайыс турнирі жастарды аталған тақырыпқа ғылыми, әлеуметтік тұрғыда қарауға шақырады». Ол сондай-ақ аталған пікірсайыс жақында ғана Алматы әкімі қол қойып, қосылған ЖИТС/АҚТВ-ға қарсы әлем астаналарының бірлескен Париж декларациясын шынайы түрде жүзеге асыру екенін айтты.
null 

Пікірсайсқа қатысушылар арасында 2017 жылдың үздік баяндамашылары бар. Олардың ішінде төреші Раффи Маршалл (Оксфорд), КИМЭП, ҚБТУ, ҚазҰТУ, ҚазҰУ, ЕУҰ және т.б ЖОО студенттері бар. ТМД елдерінен барлығы 300 студент шараға қатысты.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі ғылым және адами ресурстар департаментінің директоры Айгүл Қаптағаева пікірсайыс жастар үшін ғана емес, адамзат үшін маңызды екенін айтты.

«Жастардың бастамасы, идеялары әлемдік қатерге айналған індетке қарсы күресте жемісін береді. Даму үшін біз қоғам ішінде өмір сүріп жатқанымызды ұмытпауымыз керек. Күмәнді жақындасу, наша пайдалану бұл үлкен қауіп, көп жастар оған өздігінен қарсы тұра алмайды. Оған жалған сезімдерге ермей, жетістікке жетуді өмірлік мақсаты етіп алғандар қарсы тұра алады.  ЖИТС-ке қарсы дәрігерлік вакцина жоқ болғанымен, әлеуметтік дәрі бар. Ол - білім», - деді Айгүл Қаптағаева.
null 

Турнир британ парламентінің форматында қазақ, ағылшын, орыс тілдерінде өтіп жатыр. 
null 

Айта кетейік, Алматыда жастарды қолдауға арналған «Алматы жастары» тұрғын үй бағдарламасы іске қосылған болатын. Бағдарлама бойынша 35 жасқа дейінгі алматылықтарға жеке пәтерге қол жеткізу үшін жеңілдетілген қарыз беріледі.
Бұл бағдарламаны жүзеге асыру үшін Алматы әкімдігі «Тұрғын үй құрылысжинақбанкімен» ынтымақтастық келісіміне қол қойған.

null 

Соңғы жаңалықтар