Ауа райы
Астана 0 °С
Алматы 8 °С
валюта бағамы
USD 335.24
EUR 395.82
RUB 5.82
CNY 50.65

ТМД мемлекеттер басшыларының отбасы институтын қолдау жөніндегі мәлімдемесі БҰҰ-ға таратылады

ТМД мемлекеттер басшыларының отбасы институтын қолдау жөніндегі мәлімдемесі БҰҰ-ға таратылады
2017 жылғы 7 қазан 16:59 346

АСТАНА. ҚазАқпарат - ТМД мемлекет басшыларының отбасы институтын қолдау жөніндегі мәлімдемесінің мәтіні БҰҰ, ЕҚЫҰ және басқа да халықаралық ұйымдарға таратылады.

Бұл жайлы ТМД Атқару комитеті төрағасының орынбасары - атқарушы хатшысы Виктор Гуминскийге сілтеме жасап БЕЛТА хабарлады.

Мәлімдемені Сочидегі саммитте қабылдау жоспарлануда. В. Гуминскийдің айтуынша, отбасы институты мен дәстүрлі отбасылық құндылықтарды қолдау жөніндегі мәлімдеме алдағы саммитте қаралатын маңызды құжаттардың бірі.

Еске сала кетейік, 11 қазанда болатын Сочидегі саммитте ТМД Мемлекеттер басшыларының кеңесі 20-ға жуық мәселені қарайды. Соның ішінде Ғарыш кеңістігін зерттеу және бейбіт мақсатта қолдану саласындағы ынтымақтастық жөніндегі Достастық Конвенциясының жобасы да талқыланады.

 

 

Басты сөздер: ТМД, БҰҰ,
Қате таптыңыз ба? Белгілеп, CTRL+ENTER басыңыз

Пікір қалдыру

Соңғы Пiкiрлер