ТМД елдерінің интеллигенциясы Мәскеуде бас қосады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2017 жылдың 11-12 желтоқсанында Мәскеуде ТМД-ға мүше елдердегі Шығармашылық және ғылыми интеллигенцияның XII форумы және «Достастық жұлдыздары» сыйлығын тапсыру рәсімі өтеді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА ТМД Атқару комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Форумға Қазақстан, Армения, Әзербайжан, Беларусь, Молдава, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан, Украина және Ресей мемлекеттерінің өкілдері қатысады.

Негізгі тақырып - «ТМД-да отбасылық құндылықтар мен салт-дәстүрлерді нығайту мен қолдауда гуманитарлық ынтымақтастықтың рөлі».

Форум аясында ТМД елдерінің мемлекетаралық басты сыйлығы - «Достастық жұлдызының»  лауреаттарын марапаттау рәсімі өткізіледі. Жоғарғы марапат биылғы жылы балетмейстер Юрий Григоровичке (Ресей), композиторлар Евгений Дог (Молдава) және Тигран Мансурянға (Армения), жазушы Иван Саверченкоға (Беларусь), суретші Фархад  Халиловқа (Әзербайжан), математик Алтай Бөрібаевқа (Қырғызстан), театр басшысы Төлеубек Әлпиевке  (Қазақстан), актер Ибодулло Машрабқа (Тәжікстан) берілмек.

Шараға ТМД-ға мүше-мемлекеттердің Гуманитарлық ынтымақтастығының мемлекетаралық қоры қолдау білдіруде.

 

 

Соңғы жаңалықтар