ТМД елдерінің дипломаттары Бейжіңдегі жаппай жүгіруге қатысты

None
None
БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат - Бүгін Бейжіңде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне 5 жыл толуына орай «Президенттік миль» халықаралық жеңіл атлетикалық жүгіруі өткізілді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА Қытайдағы меншікті тілшісі.

Аталмыш шара Бейжің ақапараттық технологиялар колледжінің стадионында өткізілді. Оған Қазақстан, Ресей, Беларусь елшіліктері мен Шанхай ынтымақтастық ұйымы (ШОС) хатшылығының өкілдері қатысты.

Шара басталмас бұрын ҚХР-дағы ҚР елшісі Шахрат Нұрышев сөз алды.

«Біздің еліміздің жеткен жетістіктері Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың есімімен тікелей байланысты. Халқымыз өз президентін құрметтейді, оның сындарлы және көреген саясатын қолдайды. Тұңғыш Президент күні - біздегі Парламент депутаттарының бастамасымен бекітілді. Біз бүгін алғашқы жүгіруді өткіземіз және сіздердің қолдауларыңызбен жыл сайын өткізіледі деп сенеміз», - деді елші.

2 400 метр қашықтықтан бірінші болып қазақстандық дипломат Сананд Әлібаевтың 14 жастағы ұлы келді, екінші - Қазақстан елшілігінің үшінші хатшысы Дәурен Рахметов, үшінші болып Беларусь елшілігінің атташесі Илья Желудов мәре сызығынан өтті.

Бейжің ақпараттық технологиялар колледжінің халықаралық ынтымақтастық жөніндегі басқармасының басшысы Цзя Циншуй қазақстандықтарды ҚР Тұңғыш Президенті күнімен құттықтап, алдағы уақыттағы Қазақстан мен Қытай арасындағы стратегиялық ынтымақтастықтың нығаюына сенім білдірді.

«Біздің елдеріміз арасындағы стратегиялық байланыс әсіресе «Бір белдеу, бір жол» бағдарламасы аясында  жыл өткен сайын нығайып келеді.  Мәдени-гуманитарлық бағыттағы, сондай-ақ ҚХР мен ҚР арасындағы білім саласындағы өзара әрекеттестіктің тереңдеп келе жатқанын атап өткім келеді. Біздің колледжімізде қазақстандық студенттер білім алады. ҚХР төрағасы Си Цзиньпин мен Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев арасындағы достық байланыс үлкен маңызға ие», - деді ол.

Соңғы жаңалықтар