ТМД елдерінің басшылары Сочиде бас қосады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2017 жылғы 11 қазанда Сочи қаласында Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдері басшыларының кезекті отырысы өтеді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА ТМД атқару комитетіне сілтеме жасап.

Отырыс барысында Достастық елдері қызметінің экономикалық, саяси, мәдени-гуманитарлық салаларының алдағы уақыттағы даму бағыттарын көздейтін мәселелер талқыланбақ.

Тәуелсіз мемлекеттер достастығы аясында ынтымақтастық жайлы пікірлер алмасылып, ТМД төрағалығы және ұйымға мүше елдері басшылары кеңесінің келесі отырысының мерзімі мен өткізілетін жері анықталмақ.

Кеңейтілген отырыста экономика және мәдени-гуманитарлық бағыттардың алдағы дамуы, қорғаныс саясаты, сыртқы шекара қорғанысы, лаңкестікке қарсы іс-қимыл сынды маңызды мәселелер, сондай-ақ, Достастықтың жаңа жағдайларға бейімделуі сынды бірқатар  жобалар да талқыланады деп жоспарлануда. 

Соңғы жаңалықтар