Ауа райы
Астана 0 °С
Алматы -2 °С
валюта бағамы
USD 332.21
EUR 391.74
RUB 5.57
CNY 50.08

ТМД елдерінде Қазақстаннан ұрланған 200-ден астам көлік анықталды

ТМД елдерінде Қазақстаннан ұрланған 200-ден астам көлік анықталды
2017 жылғы 15 қараша 13:40 1608

АСТАНА. ҚазАқпарат - ТМД елдерінде Қазақстаннан ұрланған 200-ден астам көлік анықталды. Бұл туралы Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында ҚР Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Соңғы үш жылда ТМД мемлекеттерінде еліміз аумағынан ұрланған және шығарылған 200-ден астам автокөлік анықталды. Оның ішінде Қазақстанға тек 57-сі қайтарылды. Осыған байланысты Келісімді ратификациялау ТМД елдері құзырлы органдарының өзара іс-қимылын жеңілдете түседі», - деді министр «ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің автокөлік құралдарын жымқыруға қарсы күрестегі және оларды қайтаруды қамтамасыз етудегі ынтымақтастығы туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасын таныстыру барысында.

Оның сөзіне қарағанда, бұдан бұрын заң жобасы қаржылық шығынға байланысты бірқатар мемлекеттік органдар тарапынан қолдау таппаған.

«Сонымен бірге аталған келісімді Армения, Беларусь, Қырғызстан, Ресей ратификациялады. Атап айтқанда, тәжірибеге сүйенсек, оны жүзеге асыруға байланысты бюджет шығыстары болмайтыны байқалап отыр. Заң жобасын қабылдау  әлеуметтік-экономикалық  және құқықтық кері салдарға алып келмейді, сондай-ақ қосымша бюджеттік шығындарды қажет етпейді»,- деп нақтылады Қ. Қасымов.

 

 

Басты сөздер: Парламент, ҚР ІІМ, ТМД, Қылмыспен күрес,
Қате таптыңыз ба? Белгілеп, CTRL+ENTER басыңыз

Пікір қалдыру

Соңғы Пiкiрлер