ТМД елдерінде әуе қорғаныс қызметін ауқымды тексеру басталды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ТМД-ға мүше 7 мемлекетте әуе қорғынысы күштерін ауқымды тексеру басталды, делінген Ресей Федерациясы мәлімдемесінде.

Бұл туралы ҚазАқпарат РБК сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

«Жаттығулар барысында әуе қорғанысының кезекші күштерінің әуе кеңістігін бұзу, әуе кеңістігін пайдалану тәртібін бұзу, ТМД-ға мүше елдердің мемлекеттік шекараларын бұзу сияқты өзге де заңсыз әрекеттерге қарсы пайдалану шаралары сыналатын болады»,-делінген хабарламада.

Жаттығуға Ресей, Беларусь, Қазақстан, Армения, Қырғызстан, Өзбекстан және Тәжікстан әуе күштері қатысуда.

Аталмыш шара барысында 130 командалық пункттер мен түрлі деңгейдегі басқармалар пайдаланылатын болады.

Соңғы жаңалықтар