ТМД елдері экстремистер туралы ортақ дерекқор базасын құрмақ

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ТМД елдері террористер, экстремистер және басқа да қауіпті қылмыскерлер туралы ортақ дерекқор базасын жасауды жоспарлап отыр. 

Бұл туралы журналистерге Тәуелсіз мемлекеттер достастығы елдерінің пенитенциарлық қызмет басшылары кеңесінің отырысы алдында Ресейдің Жазаны орындау федералды қызметі (ЖОФҚ) директорының орынбасары Валерий Максименко мәлімдеді, деп хабарлайды БЕЛТА.

Валерий Максименко нақтылап өткендей, мәселе жазаны өтеу орындарында отырған, босап шыққан немесе іздестіріліп жатқан қылмыскерлер турасында болуда. «Бір жылдың ішінде жасауымыз тиіс деп ойлаймын», - деді ол дерекқор базасын құру мерзімі туралы айта келе.

Бұл мәселе Минскіде Кеңестің отырысында өзге де мәселелермен қатар талқылануда. Ол 2015 жылы құрылған болатын, қазір оның құрамына Қазақстан, Армения, Беларусь, Қырғызстан және Ресей кіреді. Тәжікстан кеңесті құру туралы келісімге қол қойды, қазіргі таңда оны ратификациялау процедурасын жүргізуде.

ЖОФҚ директоры орынбасарының айтуынша, оның жұмысына тек ТМД құрамындағы елдер ғана емес, сонымен қатар бірқатар еуропалық мемлекеттер мен Куба да қызығушылық танытуда. 

Соңғы жаңалықтар