Ауа райы
Астана -9 °С
Алматы 0 °С
валюта бағамы
USD 330.22
EUR 388.07
RUB 5.60
CNY 49.93

ТМД-да Елбасының бастамалары белсенді іске асырылып жатыр

ТМД-да Елбасының бастамалары белсенді іске асырылып жатыр
2017 жылғы 13 қазан 18:42 1381

АСТАНА. ҚазАқпарат - ТМД аясында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамалары белсенді жүріп жатыр. Бұндай пікірді ҚР СІМ Халықаралық ақпарат комитетінің екінші хатшысы Алмаз Бүркітбаев білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Баршамызға мәлім, 2015 жылы Бурабайдағы ТМД Саммитінде ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев жаңа сын-қатерлерге неғұрлым тиімді әрекет ету мақсатында ТМД-ны трансформациялауға бағытталған бірқатар бастамаларды ұсынды. Өткен жылы ТМД-ға қатысушы елдер мемлекет басшыларының Бішкекте өткен кезекті кездесуінде Қазақстан Президентінің бастамаларына негізделген Достастықты қазіргі заманғы жағдайға бейімдеу бойынша шешім қабылданған еді. Ал Сочидегі соңғы Саммит барысында да ТМД басшылары сауда-экономикалық қатынастар, инвестициялық байланыстар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелерімен қатар Достастықтың тиімділігін арттыру жөнінде пікір алмасты», - деп тоқталды Алмаз Бүркітбаев.

Осы орайда ол жалпы трансформация үдерісі, әсіресе халықаралық ұйымға қатысты, ол өте ұзақ және мұқият зерделеуді талап ететінін, алайда  Елбасы бастаған бұл үдеріс дәл қазір өте белсенді жүріп жатқанын атап өтті.

«Әрине, мәдениет, білім, ғылым, туризм салаларындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту бойынша қабылданған бірқатар маңызды шешімдерді атап өткеніміз жөн. Олар - ТМД елдеріне дәстүрлі болып табылатын және өзектілігін жоғалтпайтын салалар»,-деп түйіндеді сөзін Халықаралық ақпарат комитетінің екінші хатшысы.

Бұдан бұрын хабарланғандай, осы аптада Ресейдің Сочи қаласында ТМД Мемлекет басшылары кеңесі өтті. Достастық елдерінің президенттері Кеңестің отырысына қатысты. 

Осы орайда Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ТМД Мемлекет басшылары кеңесі мен Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес жиындары табысты өткенін мәлім етті.

 

 

Басты сөздер: ТМД, Қазақстан Президенті,
Қате таптыңыз ба? Белгілеп, CTRL+ENTER басыңыз

Пікір қалдыру

Соңғы Пiкiрлер