ТМД Байқаушылар миссиясының басшысы Сенат сайлауына баға берді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов ҚР Парламенті Сенатының депутаттарын сайлау үшін ТМД-дан байқаушылар миссиясының басшысы ретінде Астанаға келген ТМД Атқару комитеті төрағасының бірінші орынбасары Виктор Гуминскиймен кездесті.

Бұл туралы ҚР СІМ баспасөз қызметі хабарлады.

Кездесу барысында Қ. Әбдірахманов Қазақстандағы сайлау науқанына жоғары кәсіби деңгейде байқау жүргізгені үшін алғыс айтты. Оның айтуынша, алдыңғы сайлаулардағы бақылау қорытындысы бойынша ТМД Миссиясы сарапшыларының айтқан көптеген ұсыныстары елдегі сайлауды ұйымдастыру процесінде есепке алынады.

В.Гуминский, өз кезегінде Қазақстан Парламенті жоғары палатасын сайлауға елдегі барлық өңірлердің ұйымдастырушылық дайындық деңгейін жоғары бағалады. Сайлаудың Достастыққа қатысушы-елдер арасында жоғары қызығушылық тудырғанын атап өтті. Бұған халықаралық байқаушылар санының көптігі дәлел бола алады - 177 байқаушының 106-сы ТМД Миссиясы өкілдері.

ТМД Атқару комитеті төрағасының орынбасары атап өткендей, сайлау елдің Конституциясы мен сайлау заңнамасына сәйкес өтті және демократияның жалпы танылған нормаларына сәйкес келді, еркін және ашық болды. 

Соңғы жаңалықтар