Тимур Сүлейменов: Микроқаржы ұйымдарын кепілсіз негізде қаржыландыру тәсілдері әзірленеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Микроқаржы ұйымдарын кепілсіз негізде қаржыландыру тәсілдері әзірленеді. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Президенттің 5 әлеуметтік бастамасын жүзеге асыру Жол картасының жобасын таныстырған ҚР Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Тимур Сүлейменовтің айтуынша, Елбасының 5 әлеуметтік бастамасының шағын несие беруді көбейту бағытының жүзеге асырылуына жауапты орган ретінде Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бекітілген. Осы бағыт желісі бойынша мамыр айында Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасына түзетулер енгізу жоспарланып отыр.

«Өзгерістер қалалар мен ауылдық жерлерде микрокредит беруді қаржыландыруды ұлғайтуға және кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесуге бағытталатын болады. Ірі ауылшаруашылық кәсіпорындарының айналасында зәкір кооперациялар жөніндегі жобаларды іске асыру үшін микрокредит беру тетіктері әзірленеді. Бұдан басқа, микроқаржы ұйымдарын кепілсіз негізде қаржыландыру тәсілдерін әзірлеу жоспарлануда», - деді министр.

Соңғы жаңалықтар