Тимур Сүлейменов ел экономикасын еселейтін 3 драйверді атады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда экономикалық өсімнің жаңа моделі айқындалды.  Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында 2025 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспарын таныстырған ҚР Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Стратегиялық жоспар технологиялық, экспортқа бағдарланған экономиканы қалыптастыруға бағытталған экономикалық өсудің жаңа моделін айқындайды. Өсудің үш драйвері анықталған. Бірінші драйверді біз технологиялық экономика деп атаймыз. Ол - базалық салаларды технологиялық жаңару, цифрландыру және олардың әлемдік нарықтардағы позицияларын күшейту. Оған агроөнеркәсіптік кешен, тау-кен металлургиясы, мұнай-газ саласын қоса алғанда отын-энергетика кешені кіреді. Операциялық тиімділікті арттыру, өңдеуді барынша тереңдету, жаһандық қосылған құн тізбектеріне қосылу аталған салалардың басты бағдарлары болып табылады», - деді Тимур Сүлейменов.

Оның айтуынша, екінші драйвер экспортқа бағдарланған салалардың өндіріс көлемін арттыру болып табылады. Ол - өңдеу өнеркәсібін одан  ары индустрияландыру арқылы сыртқы нарыққа отандық жаңа өнімдерді шығару.

«Өсудің үшінші драйвері - жаңа индустриялар қалыптастыру және қызмет көрсету салаларын дамыту. Цифрландыру және технологиялық жаңару дәстүрлі экономика салаларының айналасында жаңа индустриялардың пайда болуына мүмкіндік туғызады. Өнімділігі жоғары қызметтер экономиканың жаңа өсім нүктелеріне айналуы тиіс. Олар: агроғарыштық қызметтер, инжиниринг, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, білім беру, медициналық туризм», - деді министр.

Соңғы жаңалықтар