Тимур Құлыбаев жұмыс сапарымен Екібастұзда болды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының басшысы Тимур Құлыбаев Павлодар облысының әкімі Болат Бақауовпен бірге Екібастұздың бірнеше кәсіпорнында болды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz .

Алдымен Тимур Құлыбаев пен Болат Бақауов биылғы жылы ауқымды жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланып отырған МАЭС-2 станциясын аралады. Жаз бойы кәсіпорынның №1 және №2 энергия блоктарында негізгі жабдықтар жөнделеді. Жөндеу жұмыстарының жалпы құны 1,5 миллиард теңге тұрады. «Завод МВИ» ЖШС-нда қонақтарға жылуды оқшаулайтын өнім, «ЭнергоСпецСтрой» ЖШС-нда жылыту құралдары көрсетілді. Сонымен қатар, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы басшысының назарына голландиялық раушан гүлдері өсірілетін «Greenhouse KZ» ЖШС ұсынылды.

 Кәсіпорын басшысы Айтмағанбет Сәрсенбекұлы болашақта өндірісті кеңейтіп, қызанақ өсіруді жоспарлап отырғанын атап өтті. Жылыжай жағдайындағы 5 гектар аумақта өсірілетін алғашқы өнім биылғы жылдың күзінде алынады. Бұдан басқа, қонақтар Қазақстан вагон жасау компаниясының цехтарында болып, «Проммашкомплект» ЖШС-нің жұмысымен танысты. 

Соңғы жаңалықтар