Тимур Бекмамбетовтың фильмі Берлинде көрермендер көзайымы сыйлығын жеңіп алды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Берлинде өткен кинофестивальде көрсетілген режиссер Тимур Бекмамбетовтың «Профиль» атты фильмі көрермендер көзайымы сыйлығын жеңіп алды, деп жазады ТАСС.

Фильм британдық журналистің бастан кешкен оқиғалары төңірегінде түсіріледі. Онда ол лаңкес топтардың қалай жас қыздарды Таяу Шығысқа келуге көндіретінін, оларды қалай торына түсіретінін әлеуметтік желілер арқылы зертттеп көрмек болады. Сол себепті де туынды экран форматында, яғни смс хат алмасу, видеобайланыс арқылы сөйлесу сияқты әрекеттерді түсіру арқылы жасалған.

Кинофестивальдің басты жүлделеріне 19 фильм таласуда.

Соңғы жаңалықтар