Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
Астана: -17 °С
Алматы: -7 °С
USD 335.05 EUR 395.12
RUB 5.66 CNY 50.64
Жаңалықтар

Тілшілер жемқорлыққа қарсы. Байқау нәтижесі жарияланды

2017 жылғы 8 желтоқсан 12:47 615
Поделиться:
Тілшілер жемқорлыққа қарсы. Байқау нәтижесі жарияланды

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Оралда бұқаралық ақпарат құралдары арасындағы «Парасыз болашаққа. Бірге!» облыстық шығармашылық байқауы қорытындыланды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі БҚО бойынша департаменті «Нұр Отан» партиясының және «Жаңару» жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалысының облыстық филиалдарымен бірлесіп ұйымдастырған дәстүрлі байқауға 33 журналист қатысып, бақ сынады.

Тілшілер жемқорлыққа қарсы. Байқау нәтижесі жарияланды  

Шара барысында департамент басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Болат Исақов БҰҰ-ның бастамасымен аталып өтіліп келе жатқан Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күнінің мән-маңызына тоқталды. Елімізде арнайы қабылданған стратегияның нәтижесінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытындағы кең көлемді шаралар өз жемісін бере бастады. Мұны әлеуметтік сауалнамалар мен халықаралық сарапшылар да растауда. Мысалы, қараша айында Вашингтонда өткен кездесуде халықаралық ұйымдар Қазақстандағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың қазіргі заманғы талаптарға сай келетінін атап өтті. Елбасы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында санадағы өзгерісті әр адамның өзінен бастау керектігін атап өткені белгілі. «100 нақты қадам» ұлт жоспарына сәйкес мемлекеттік органдардың  ашықтығы мен жариялылығын қамтамасыз ету бағытында тиісті жұмыстар атқарылуда. Мемлекеттік қызмет көрсету саласында жемқорлықты жою бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Қазіргі таңда мемлекеттен қызметтердің 47 пайызы онлайн түрде көрсетіледі. Осы орайда кәсіпкерлерге барлық лицензиялар мен рұқсатнамалар тек электронды түрде беріледі. Алдағы үш жылда мемлекеттен көрсетілетін қызметтердің 80 пайызы онлайн тәртібімен қолжетімді болмақ. Мемлекеттік қызмет меритократия қағидасына негізделіп, жаңа тұрпатта жұмыс жасалуда. Үш сатылы конкурстық іріктеу мен мансаптық үлгі енгізілді. Нәтижесінде мемлекеттік қызметке қайта келушілер саны үш есеге өсті. Ал кадр ауысушылығы - 2, лауазым ауыстыру саны 18 есеге азайды.

Тілшілер жемқорлыққа қарсы. Байқау нәтижесі жарияланды 

Байқау қорытындысында «Жайық Пресс» ЖШС Жәнібек аудандық «Шұғыла» газетінің тілшісі Меңдігүл Фазылова «Облыстық, қалалық және аудандық басылымдағы мемлекеттік тілдегі үздік материал», облыстық «Приуралье» газетінен Жанна Балықова «Облыстық, қалалық және аудандық басылымдағы орыс тіліндегі үздік материал» аталымы бойынша жеңімпаз атанды.

Сол секілді Ж.Досмұхамедов атындағы Орал педагогикалық колледжі директорының орынбасары Сандуғаш Сәдуақасқызы «Мемлекеттік тілдегі үздік бейнеролик», облыстық радионың тілшілері Гүлжаз Баделова  мен Нина Павлычева «Мемлекеттік тілдегі үздік радиохабар» және «Орыс тіліндегі үздік радиохабар» аталымы бойынша үздік шықты.

Тілшілер жемқорлыққа қарсы. Байқау нәтижесі жарияланды 

Аудандық деңгейдегі мемлекеттік органдар арасында Жаңақала аудандық ішкі саясат бөлімі «БАҚ-пен байланыстағы үздік әріптес» ретінде танылып, арнайы жүлдеге ие болды. Сонымен қатар қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыруда белсенді қызмет еткен бірқатар мекеме-ұйымдар басшыларына ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі БҚО бойынша департаменті басшысының алғыс хаттары табыс етілді. 

 

 


Бөлісіңіз:

Автор:

Елжан Ералы

Пікір қалдыру
Мұрағат